Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды
-
25 шілде, 2025
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және стратегиялық бастамалар жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды;
Қызметінің негізгі мәні Қоғамның ғылым және ғылыми-техникалық және халықаралық қызмет саласындағы саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және оны іске асыруды ұйымдастыру, Қоғам саясатының жалпы басымдықтары мен оны дамыту перспективаларына сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша қызмет бағыттарының стратегиясын қалыптастыру болып табылады.
Қызметтің мақсаты Қоғамның елдің жетекші ғылыми орталығы ретіндегі ұстанымын нығайту және ғылыми зерттеулерді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты қоса алғанда, басым ғылыми бағыттардың дамуын ынталандыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
- білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшы қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:
- Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
- өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі.
5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшыға: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142/1 (каб.306) тапсыру қажет, телефоны: 8 (702)-909-53-11, e-mail: tursyn.a@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: