Кәсіп бастаудың жолы: қаржылық сауаттылық пен мемлекеттік сатып алуларға қатысу негіздері



    • Кәсіп бастаудың жолы: қаржылық сауаттылық пен мемлекеттік сатып алуларға қатысу негіздері

      Құрметті білім алушылар!Сіздерді Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Кәсіп бастаудың жолы: қаржылық сауаттылық пен мемлекеттік сатып алуларға қатысу негіздері» тақырыбындағы онлайн шеберлік сабағына шақырамыз!

      Шеберлік сабағын тендер саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман Салтанат Калиасқарқызы жүргізеді.

      Сабақ барысында бизнесті бастау жолдары, салық есептілігін тапсыру тәртібі, банктен шот ашу рәсімі және мемлекеттік сатып алуға қатысу ережелері бойынша толық ақпарат ұсынылады.

      Бағдарламада жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі, қызмет түрін дұрыс таңдау, салықтық есептіліктің негіздері, заңды тұлға ретінде банк шотын ашу тәртібі, мемлекеттік сатып алуға қатысу ережелері мен тәртібі, қолданыстағы заңнама мен нормативтік-құқықтық құжаттар, сондай-ақ қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидалары қарастырылған.

      Өтетін күндер: 21, 22, 23 шілде
      Уақыты: 16:00 – 17:00
      Формат: Онлайн (Zoom/WhatsApp)

      Қатысу үшін тіркеліңіз: https://chat.whatsapp.com/GqdLqxaMBlk2LjZJHsNe9d

      Бөлісу: