Министрліктің марапаттарына үміткерлерді іріктеу жарияланды



    • Министрліктің марапаттарына үміткерлерді іріктеу жарияланды

      Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Конституция күніне орай кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге ведомстволық марапаттар табыстауды жоспарлап отыр.

      Осыған байланысты төменде көрсетілген номинациялар бойынша кандидатуралар қабылданады: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысы – 5 үміткер; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы – 3 үміткер; «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы – 1 үміткер; «Ғылым үздігі» құрмет дипломы – 1 үміткер; «Тіл жанашыры» құрмет дипломы – 1 үміткер; «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі – 1 үміткер; «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі – 1 үміткер; «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – 1 үміткер.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 16 шілде, сағат 18:30-ға дейін.

      Кандидатура ұсыну үшін келесі Google-форманы толтыру қажет: https://forms.gle/imRaN8V9rk4vzo8g9

      Кандидаттарды іріктеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрліктің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

      Бөлісу: