Грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды



    • Грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды

      Құрметті талапкерлер! Сіздерге грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылатынын хабарлаймыз!

      Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

      Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар: жеке куәлік түпнұсқа+2 көшірме; ҰБТ сертификаты; 3х4 көлеміндегі фото – 2 дана; орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом түпнұсқа+көшірме; жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар түпнұсқа+көшірме; электрондық пошта; ЭЦҚ – (талапкер 18 жасқа толмаса ата-анасының біреуінің ЭЦҚ-сымен келеді).

      Тізімдегі барлық құжаттардың сканерленген электрондық нұсқасы PDF форматында флешкада болуы тиіс.

      Грант конкурсына сәтті қатысу үшін барлық құжаттарды алдын ала толық әрі мұқият дайындау маңызды.

      Барша талапкерлерге сәттілік тілейміз!

      Бөлісу: