Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттік істер жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды
-
28 мамыр, 2025
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттік істер жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметінің негізгі мәні – Қоғамның жалпы тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ студенттермен жұмыс жөніндегі бағдарламаларды жоспарлау, бағыттау және іске асыру болып табылады.
Қызметтің мақсаты ғылым мен білім берудің халықаралық интеграциясын іске асыруды қамтамасыз ету және мемлекет саясатындағы басым міндеттерді перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру – азаматтық жауапкершілік сезімі бар, адамгершілігі жоғары адамдарды тәрбиелеу, студенттік өзін-өзі басқаруды және жастарға патриоттық тәрбие беруді, оның ішінде студенттік бірлестіктердің, волонтерлік және студенттік отрядтардың қызметін дамыту болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), профиль докторы немесе магистр академиялық дәрежесінің) болуы, тәрбие жұмысы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Құпталады:
- білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;
Білуі керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
- "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және жоғары білімнің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
- Стратегиялық жоспарлау қағидаттары, жоспарларды әзірлеу, оларды іске асыру дәрежесін айқындау тәртібі;
- Білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері;
- Ғылыми жұмыс бойынша құжаттаманы жүргізу ережесі;
- Жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық қызметі мен қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарын даярлау саласындағы әдістемелік материалдар, жоғары оқу орнының саласын техникалық және ғылыми дамыту перспективалары, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстары, Ғылыми жетістіктері, шетелдік білім беру мекемелерінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) салалары.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:
- Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
- өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі.
5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшыға: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142/1 (каб.306) тапсыру қажет, телефоны: 8 (702)-266-17-46, e-mail: abikulova.a@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: