«100 үздік студент» байқауы басталды



    • «100 үздік студент» байқауы басталды

      Құрметті QyzPU студенттері!

      Сіздерге Жастар саясаты орталығы жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі  «100 үздік студент» байқауының І-кезеңі басталғанын хабарлаймыз!

      ІІ кезең – Platonus электронды порталы арқылы студенттердің әлеуметтік интегралды GPA көрсеткіші есептеліп, университеттік комиссия отырысының шешімімен жүлделі орын иегерлері анықталады.

      ІІІ кезең – барлық бағыттар бойынша жеңімпаздар қорытынды кеште жарияланып, Басқарма Төрағасы – Ректордың алғыс хаты және қаржылай сертификаттармен марапатталады.

      Байқау бағыттары: Академиялық үлгерім; Ғылыми жетістіктер; Қоғамдық-әлеуметтік белсенділік; Спорттық жетістіктер.

      Қатысу шарттары: Байқауға университеттің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқан, оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық-мәдени және спорттық өмірде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 1-4 курс студенттері қатыса алады.

      Өтінім беру тәртібі: Қатысуға өтінімді қоса берілген үлгі бойынша рәсімдеп, өз институт басшылығына ұсыну қажет.

      Ең жоғары рейтингке ие болған үміткердің (құзыреттілік, жеке және кәсіби жетістіктер бойынша жинаған балл санына сәйкес) портфолиосы ҚызПУ ресми сайтында жарияланып, университеттің ақпараттық тақталарында орналастырылады және арнайы сертификатпен марапатталады.

      Байқау – өзіңізді танытып, жетістіктеріңізді көрсетуге үлкен мүмкіндік. Білімде, ғылымда, спортта және қоғамдық өмірде белсенді болып, үздіктер қатарынан табылыңыз!

      Бөлісу: