Ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру – қоғамның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығының негізі



    • Ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру – қоғамның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығының негізі

      Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді 2025 жылғы 23 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогика университетінде өтетін «Ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру – қоғамның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығының негізі» атты халықаралық форумға қатысуға шақырамыз!

      Форум «Өзіндік рефлексия отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылуда.

      Іс-шараның мақсаты – заманауи ата-ана болу тәжірибесін насихаттау, отбасылық тәрбиеде ересектердің құзыреттілігін арттыру және сараптамалық дискуссиялық алаң құру.

      Форумға Италия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысады.

      Шара аясында шеберлік сағаттары өткізіліп, дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Кәсіби сарапшылар өз баяндамаларын ұсынады.

      Сонымен қатар отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заманауи ата-ана болу тәжірибесін талқылау, сондай-ақ отбасында қауіпсіз кеңістік құрудың тиімді стратегиялары қарастырылып, ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және сапалы психологиялық көмек көрсету жүйесін дамытуға бағытталған ұсыныстар мен бірлескен бастамалар талқыланады.

      Күні: 23 мамыр 2025 жыл

      Уақыты: 10.00

      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114. 215 конференц зал.

      Байланыс телефоны: 8 702 486 9705

      Бөлісу: