Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының HR республикалық форумы



    • Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының HR республикалық форумы

      Құрметті QyzPU ұжымы!

      Сіздерді 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында өтетін Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Республикалық HR-форумына қатысуға шақырамыз!

      Форумның мақсаты – жоғары білім беру саласындағы кадрлық үдерістерді жетілдіру, профессорлық-оқытушылық құрам мен әкімшілік персоналға қатысты заманауи HR-практикаларды енгізу, сондай-ақ академиялық еркіндік аясында біліктілік талаптарын қайта қарау мәселелерін талқылау.

      Іс-шара аясында жоғары оқу орындарының кадрлық саясатына арналған семинар-кеңес өтеді.

      Күні: 2025 жылғы 23 мамыр

      Уақыты: 09:00

      Өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Гоголь көшесі, 114, №1 оқу корпусы, Акт залы

       

       

      Бөлісу: