2025–2026 оқу жылына жатақханадан орын алу үшін арнайы әлеуметтік санатқа жататын студенттерден құжаттар қабылдау басталды
-
16 мамыр, 2025
Құрметті 2, 3, 4 курс студенттері! Сіздерге 2025–2026 оқу жылына жатақханадан орын алу үшін арнайы әлеуметтік санатқа жататын студенттерден құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы 5 маусымға дейін.
Құжат тапсыру орны: өздеріңіздің институттарыңыздың тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына.
Арнайы әлеуметтік санаттар тізімі: 1) Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; 2) Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 3) Ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар; 4) Қандастар; 5) 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы болуы тиіс); 6) Аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы болуы тиіс); 7) Ауған соғысы ардагерлерінің және Чернобыль апатын жоюға қатысқан тұлғалардың балалары; 8) Шетелдік студенттер; 9) Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері.
Қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 09:00–18:00 аралығы.
Байланыс нөмірлері:
Филология институты – 8 778 479 99 18
Жаратылыстану институты – 8 701 367 01 99
Физика, математика және цифрлық технологиялар институты – 8 747 598 18 94
Педагогика және психология институты – 8 707 124 44 72
Әлеуметтік гуманитарлық және өнер институты – 8 777 178 85 85
Бөлісу: