Бос орындар жәрмеңкесі – 2025
-
13 мамыр, 2025
Құрметті студенттер! Сіздерді 22 мамыр күні «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімі ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Бос орындар жәрмеңкесі–2025» іс-шарасына шақырамыз!
Шара барысында еліміздегі жетекші білім беру ұйымдары мен компаниялар өкілдерімен тікелей танысып, жұмыс берушілермен жеке сөйлесуге, түйіндемеңізді тапсыруға, мансаптық кеңестер алуға және магистратураға түсу туралы маңызды ақпараттармен танысуға мүмкіндік аласыз.
Бұл – өзіңізге лайықты жұмыс тауып, болашақ мансабыңызды қалыптастыруға керемет мүмкіндік!
Болашағыңды бүгіннен баста! Армандаған жұмысыңды тап!
Өтетін күні: 22 мамыр 2025 жыл
Өтетін орны: Гоголь көшесі 114, №1 оқу ғимараты
Уақыты: 09:00 – 13:00Қосымша ақпарат алу үшін университетіміздің
«Кәсіби тәжірибе және мансап» бөліміне хабарласа аласыздар.
Байланыс нөмірі: 8-7272-237-00-00
Мекенжай: Бас оқу ғимараты, 115-кабинетБөлісу: