Жоғары білім беруде деректерге негізделген шешім қабылдау: институционалдық зерттеулердің өзекті мәселелері мен болашақ бағыттары



    • Жоғары білім беруде деректерге негізделген шешім қабылдау: институционалдық зерттеулердің өзекті мәселелері мен болашақ бағыттары

      Құрметті білім беру ұйымдарының мамандары! Сіздерді «Жоғары білім беруде деректерге негізделген шешім қабылдау: институционалдық зерттеулердің өзекті мәселелері мен болашақ бағыттары» атты Қазақстандағы институционалдық зерттеулер бойынша өтетін  ІІІ форумға қатысуға шақырамыз!

      Аталған форумды QyzPU еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен Nazarbayev University, KIMEP University және SDU University бірлесіп ұйымдастырады.

      Панельдік сессиялар (гибридтік форматта) және тәжірибелік воркшоптар (тек офлайн формат) түрінде өтетін бұл шара білім мен тәжірибе алмасуға, жаңа шешімдерді іздеуге және білім беру аналитикасы мен стратегиялық басқару саласында жұмыс істейтін кәсіби қауымдастықты дамытуға бағытталған.

      Тәжірибелік сессиялар институционалдық зерттеулермен, сапаны қамтамасыз ету және деректер аналитикасымен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің мамандарына арналады.

      Форумға қатысу үшін өтінімді келесі сілтеме арқылы толтыра аласыз: http://forumqyzpu.tilda.ws/

      Тіркеу және қатысу – тегін. Орындар саны шектеулі.  Форум бағдарламасы тіркеуден кейін жіберіледі.

      Күні: 30 мамыр 2025 жыл
      Уақыты: 09:00
      Күні: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114к1, АКТ залы
      Қосымша ақпарат алу үшін:  imanbalina.a@qyzpu.edu.kz
      8 (727) 237 00 49

      Бөлісу: