ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ: КӘСІБИ ЭТИКА ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ



    • ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ: КӘСІБИ ЭТИКА ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ

      Құрметті бітіруші курс білім алушылары!

      Сіздерді «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясындағы «Кәсіби этика және корпоративтік мәдениет»   тақырыбындағы кездесуге шақырамыз! «Жұмадағы жүздесу» жобасының кезекті қонағы – М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы.

      Бұл кездесу сіздердің кәсіби дамуларыңызға үлкен серпін беріп, еңбек жолында қажетті білім мен тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік болады. Кездесуде кәсіби этика мен корпоративтік мәдениеттің маңыздылығы туралы құнды кеңестер мен тәжірибелік ұсыныстар аласыздар.

      Күні: 25 сәуір 2025 жыл

      Уақыты: 15:00

      Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхананың конференц-залы

      Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

       

      Бөлісу: