Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту жолдары: онлайн сауалнама әдістемесі



    • Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту жолдары: онлайн сауалнама әдістемесі

      Құрметті QyzPU профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары!

      Сіздерді Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының ұйымдастыруымен өтетін «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту жолдары: онлайн сауалнама әдістемесі» тақырыбындағы семинарға шақырамыз! 

      Ғылыми семинарды Нархоз университетінің профессоры, PhD докторы Беймишева Айгуль Сейтжановна жүргізеді.

      Жиналған деректердің сапасын арттыру үшін онлайн сауалнамаларды құрастыру, жүргізу және талдау бойынша жүйелі білім беру, сауалнаманы әзірлеудің озық әдістерін меңгерту, сондай-ақ онлайн зерттеулерде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу жолдарын үйрету – шараның басты мақсаты.

      Бұл кездесуде сіз ақпарат жинау әдістерінің бірі ретінде онлайн сауалнаманы тиімді пайдалану арқылы ғылыми жобаларыңызды жетілдіруге қажетті маңызды дағдыларды меңгересіз.

      Өтетін күні: 28 сәуір 2025 жыл

      Уақыты: 11:00-13:00

      Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 501 кабинет

      Бөлісу: