Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды



    •  Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды;

      Қызметінің негізгі мәні Қоғамның ғылым және ғылыми-техникалық және халықаралық қызмет саласындағы саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және оны іске асыруды ұйымдастыру болып табылады.

      Қызметтің мақсаты Қоғамның мақсаттары мен стратегиясына, оқытушылардың, қызметкерлер мен білім алушылардың қолда бар ресурстары мен ғылыми мүдделеріне сәйкес Қоғамның халықаралық қызметінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің болуы, білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

      Құпталады:

      - жоғары білім беру саласындағы көшбасшылық және менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;

      - C1, C2 деңгейінде ағылшын тілін білуі;

      - Journal Citation Reports Web of Science деректері бойынша 1, 2, 3 және 4 квартильге кіретін немесе Scopus дерекқорында тиісті ғылыми сала бойынша Cite Score бойынша кемінде 25 процентиль көрсеткіші бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда соңғы 4 (төрт) жылдағы мақалалардың болуы. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша Clarivate Analytics, JSTOR компаниясының Web of Science Core Collection (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімдері) индекстелген журналдары да ескеріледі. Сондай-ақ ҚР БҒМ БҒСБК бекітетін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланымдардың болуы;

      - жобаларды іске асырудың табысты тәжірибесі;

      - жетекші шетелдік университеттермен және зерттеу орталықтарымен жақсы байланыс орнатуы.

      Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

      1)  жиырма бес жасқа толмаған;

      2)  бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

      3)  белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      4)  медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

      Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):

      1)  1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш;

      2)  конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3)  2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

      4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:

      - Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен  берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;

      - «Болашақ» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;

      - өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері  қоса тіркеледі.

      5)  жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      6)  № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

      7)  мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8)  мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9)    қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшыға: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142/1 (каб.306) тапсыру қажет, телефоны: 8 (702)-266-17-46, e-mail: abikulova.a@qyzpu.edu.kz

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

      Бөлісу: