Жасанды интеллект: зерттеу және білім беру үдерісінде қолданылуы
-
16 сәуір, 2025
Құрметті QyzPU профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары мен докторанттары!
"Ғылым айы – 2025" аясында Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен "Жасанды интеллект: зерттеу және білім беру үдерісінде қолданылуы" тақырыбында ғылыми кездесу өтеді.
Кездесудің арнайы қонағы – University of Surrey (Ұлыбритания) түлегі, Alanya Alaaddin Keykubat University (Түркия) PhD докторанты, блогер – Әбдіразақов Нұржан Мұхтарұлы.
Жасанды интеллектінің қазіргі ғылым мен білім беру салаларындағы маңызын талқылау және оны қолдану мүмкіндіктерін көрсету – шараның басты мақсаты.
Ғылыми кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде тиімді пайдалану жолдарын, заманауи зерттеу бағыттарында қолдану мүмкіндіктері мен инновациялық әдістерін қарастырады. Сонымен қатар шара аясында ғылыми идеялар, зерттеу тәжірибелері және жасанды интеллектінің түрлі түрлерін білім беру үдерісіне енгізу бойынша пікір алмасу жүргізіледі.
Күні: 17 сәуір 2025 жыл
Уақыты: 11:00–12:00
Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь көшесі, 114, 215-конференц-залБөлісу: