Оқу-әдістемелік бірлестігінің алғашқы көшпелі отырысы
-
16 сәуір, 2025
Құрметті QyzPU профессорлық-оқытушылық құрамы!
Сіздерді 18 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін QyzPU жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы», «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау», сондай-ақ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау» бағыттары бойынша алғаш рет өтетін көшпелі отырысына қатысуға шақырамыз!
Көшпелі отырыс «Балаларды ерте жастан дамытуда жайлы орта қалыптастырудың өзектілігі» тақырыбына арналады.
Мақсаты – жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау мәселелерін, балаларды ерте дамытудың мазмұны мен әл-ауқатын, сондай-ақ педагог кадрлардың инклюзивті орта қалыптастыруға дайындығын талқылау.
Шара барысында балаларды ерте дамытудың мазмұны мен оның әл-ауқатын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау мәселелері, сондай-ақ педагог кадрлардың инклюзивті білім беру ортасын құруға дайындығы сияқты өзекті мәселелер талқыланады.
Күні: 18 сәуір 2025 жыл
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіБаршаңызды аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!
Бөлісу: