Міндетті грант өтемі
-
14 сәуір, 2025
Құрметті QyzPU білім алушылары!
Сіздерді 18 сәуір күні «Қаржы орталығы» АҚ маманы Тыныбеков Абылай Амангелдіұлының мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларымен «Міндетті грант өтемі» тақырыбында өткізілетін түсіндіру жұмыстарын тыңдауға шақырамыз.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік грант бойынша білім алып жатқан студенттерге грант өтемі, оның шарттары мен талаптары туралы толық ақпарат беру және заңнамалық өзгерістермен таныстыру.
Өтетін уақыты: 2025 жылдың 18 сәуірі
Уақыты: 14:00 - 17:00
Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, №2 дәріс залыСіздерді күтеміз!
Бөлісу: