Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертацияны жазу және ресімдеу
-
14 сәуір, 2025
Құрметті PhD докторанттар мен ғылыми жетекшілер!
Сіздерге Университет Ғылыми кеңесінің шешімімен әлемдік талаптарға сәйкес «Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертацияны жазу және ресімдеу» жаңа Ережесі бекітілгенін хабарлаймыз!
Бұл Ереже – философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылатын докторлық диссертациялардың құрылымы, көлемі және ресімдеу қағидаларына қойылатын жалпы талаптарды анықтайды.
Бекітілген Ережемен таныстыру мақсатында «Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторлық диссертацияны жазу және ресімдеудің жаңа талаптары» тақырыбында семинар өтеді.
Бұл семинар PhD докторанттарының ғылыми жұмыстарының сапасын арттыруға, халықаралық талаптарға сай диссертация жазу дағдыларын жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді
Өтетін күні: 15 сәуір 2025 жыл
Өтетін уақыты: 15:00
Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 501 аудиторияБарша докторанттар мен ғылыми жетекшілерді белсенді қатысып, өз білімдерін тереңдетуге шақырамыз!
Бөлісу: