QYZPU CUP VIII республикалық дебат турнирі



    • QYZPU CUP VIII республикалық дебат турнирі

      Құрметті студенттер!

      Сіздерді 2025 жылдың 19-20 сәуір күндері Жастар саясаты орталығына қарасты "Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы" ұйымының бастамасымен өтетін дәстүрлі QYZPU CUP VIII республикалық дебат турниріне қатысуға шақырамыз!

      Сөз бен ойдың салтанат құрған, білім мен шешендік қатар өрілген бұл дода — тек тартысты пікірсайыс емес, сондай-ақ рух пен парасаттың ұштасқан алаңы.

      Шара барысында қызықты тақырыптар талқыланып, терең талдаулар жасалады. Сонымен қатар жаңа достар тауып, ұмытылмас сәттердің куәсі боласыздар.

      Форматтар: АПФ және Линкольн-Дуглас  
      Фракция саны: шектеулі

      Өтетін күндер: 19-20 сәуір 2025 жыл  
      Уақыты: 08:00–20:00  
      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, АКТ залы

      Ойы орамды, тілі шешен, жүрегі жалынды жастарды асыға күтеміз!

      Бөлісу: