XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада



    • XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

      Құрметті оқытушылар мен студенттер!

      Сіздерді 5 мамыр күні Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Кәсіптік білім кафедрасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен іс-шаралар аясында «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында өтетін XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға шақырады!

      Олимпиаданың мақсаты – ғылыми білімді насихаттау, студенттердің ғылыми-білім беру қызметіне қызығушылығын теориялық және практикалық тұрғыда анықтау, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, дарынды студенттерді халықаралық олимпиадаларға іріктеу және дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді қатысуға ынталандыру.

      Олимпиадаға қатысу шарттары: Жіберуші ұйым олимпиадаға 1  ғана команда ұсына алады. Бір командадағы қатысушылар саны 4  адамнан аспауы тиіс. Команда құрамында міндетті түрде жіберуші тараптан топ жетекшісі болуы қажет.

      Олимпиада үш кезеңнен тұрады: I кезең – Теориялық (тестілеу): 30 тест сұрағына 30 минут беріледі; II кезең – Практикалық тапсырмаларды орындау: 3 сағат уақыт беріледі; III кезең – Ғылыми жобаларды қорғау: 3 сағат уақыт беріледі.

      Конкурстық комиссия барлық номинациялар бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлеріне сәйкес дауыс беру арқылы бағалайды.

      Олимпиаданың жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі: 2025 жылғы 5 мамыр, сағат 17:30-да өтеді.

      Олимпиаданың өткізу тілдері: қазақ және орыс тілдері.

      Қатысу үшін қажетті құжаттар: ЖОО-ның бірінші басшысының (проректордың) қолы қойылған сканерленген ілеспе хат және қатысушының өтінімдері (№1 қосымша үлгі бойынша толтырылған) 2025 жылғы 26 сәуірге дейін төмендегі электронды поштаға жіберілуі тиіс: tokkulieva.u@qyzpu.edu.kz

      Олимпиада туралы толық ақпарат алу үшін: https://clck.ru/3LQsKM

      Өтетін күні: 5 мамыр 2025 жыл
      Уақыты: 09:00
      Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114, №1 оқу ғимараты, 2-қабат, Тұрақты даму орталығы, №214 аудитория

      АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

      ЕРЕЖЕ 

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

      Бөлісу: