Көрнекті ғалым  Баймахан Рысбек Баймаханұлының құрметіне арналған ғылыми-практикалық конференция



    • Көрнекті ғалым  Баймахан Рысбек Баймаханұлының құрметіне арналған ғылыми-практикалық конференция

      Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ұйымдастыруымен өтетін «Геомеханикалық процестер және цифрландыру: инновациялық технологиялар және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.

      Аталмыш конференция көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Баймахан Рысбек Баймаханұлының құрметіне арналады.

      Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
      І секция - Геомеханика; ІІ секция - Деформацияланған қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың механикасы;
      ІІІ секция - Машиналар және механизмдер теориясы, робототехника.

      Формат:аралас (офлайн және онлайн)  
      Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

      Мақала мен қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 1 мамырына дейін  
      Электронды пошта: physics_mathematics@qyzpu.edu.kz

      Жіберілуі тиіс құжаттар: Конференцияға қатысуға өтінім (Қосымша 1); Мақаланың рәсімделу талаптарына сәйкес дайындалған мақала (Қосымша 2).

      Назар аударыңыз!
      Талаптарға сай келмеген мақалалар қабылданбайды. Материалдар қабылданған соң 3 жұмыс күні ішінде растау хат, 10 жұмыс күні ішінде қарау нәтижесі жіберіледі.

      Конференцияға қатысу және мақала жариялау — тегін.

      Толық ақпарат үшін: https://drive.google.com/file/d/1WGBdBnjAMmOPHI1f-3yaIDYr9f7q5O6_/view?usp=sharing

      Күні: 16 мамыр 2025 жыл  
      Басталу уақыты: 10:00  
      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, АКТ зал

      Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

      Бөлісу: