Ағылшын тілі курсы
-
14 сәуір, 2025
Құрметті QyzPU студенттері! Сіздерді Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен өтетін ағылшын тілі курсына шақырамыз!
Спикер: Исаева Айгуль Арысбековна – Ағылшын тілін оқыту әдістемесі және халықаралық коммуникация кафедрасының оқытушысы.
Курстың мақсаты: Білім алушылардың ағылшын тілін практикалық тұрғыда тиімді қолдану қабілетін қалыптастыру және тілдік біліктілігін халықаралық стандарттарға сай деңгейге жеткізу.
Бұл курс арқылы білім алушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдысын дамытып, шетелдік білім беру бағдарламалары мен жобаларына қатысу мүмкіндіктерін арттыру көзделеді.
Курсқа қатысу үшін тіркелу міндетті: https://chat.whatsapp.com/HrJCmKUSiuE3dlYeOW57lE
Өтетін күндері: Дүйсенбі, Сейсенбі, Жұма
Өтетін орны: Гоголь 114, № 1 оқу ғимараты, Бизнес хаб, 118
Толық ақпарат алу үшін: Гоголь 114, № 1 оқу ғимараты, Бизнес хаб, 118 кабинет.Сіздерді күтеміз!
Бөлісу: