Кел, тыңда, шабыт ал
-
10 сәуір, 2025
Құрметті 1 курс студенттері!
Сіздерді 18 сәуір күні Бейресми білім беру орталығының ұйымдастыруымен өтетін “Бүгінгі ізденіс – ертеңгі жетістік” атты мотивациялық кешке шақырамыз!
Шарада 4 курс студенттері Орынбаева Қарақат Сералықызы мен Нұрпопа Ұлдана Қыдралықызы өздерінің қиындықтарға толы, бірақ жемісті студенттік өмір жолдары туралы баяндамақ. Талапты студенттер Университетіміздің академиялық ұтқырлығы аясында бірнеше рет шетелде білім алып, кемінде 2 рет президенттік грант иегері атанған.
Айтулы шарада олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жетістікке жетелеген ізденістерін және сәтсіздіктерден алған сабақтарын ашық айтып, болашақ мамандарға бағыт-бағдар береді.
Күні: 18 сәуір 2025 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Гоголя 114, Тұрақты даму орталығы, 215 кабинет.Кел, тыңда, шабыт ал!
Бөлісу: