«Ер мен елдің жеңісі» атты зияткерлік онлайн олимпиадаға қатысуға шақырамыз
-
10 сәуір, 2025
Құрметті оқушылар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 24 сәуір күні мектеп оқушылары арасында онлайн форматта өтетін «Ер мен елдің жеңісі» атты зияткерлік олимпиадаға қатысуға шақырамыз!
Шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен өтеді. Олимпиаданың өткізу тілі: қазақ тілі.
Оқушылардың интеллектуалдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жүйріктік пен тапқырлық дағдыларын шыңдау, сондай-ақ жастардың бойындағы дарындылықты, білімділікті және патриотизм сияқты озық қасиеттерді насихаттап, көпшілікке таныту — шараның басты мақсаты.
Олимпиадаға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне түсуге ниет білдірген 11-сынып оқушы қыздар қатыса алады. Сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.
Өтетін күні:24 сәуір 2025 жыл
Уақыты: 10.00Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114-үй, QyzPU
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасы, 413-кабинет.Байланыс телефондары:
8777 226 96 83
8702 662 87 39
e-mail:alibekovsayat@gmail.comБөлісу: