QyzPU және MSU: Білім беру сапасын арттыру бағытындағы кездесу



    • QyzPU және MSU: Білім беру сапасын арттыру бағытындағы кездесу

      Құрметті QyzPU профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар және докторанттар!

      Сіздерді 10-11 сәуір күндері аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Мичиган штаты университетінің (АҚШ) «Білім беру колледжінің» профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім беру бағдарламаларының сарапшылары қатысатын кездесулерге шақырамыз!

      Магистратура және докторантура (PhD) білім беру бағдарламаларының мазмұнын әлемдік талаптарға сәйкестендіру және олардың сапасын арттыру — шараның басты мақсаты.

      Сонымен қатар кездесу барысында силлабустардың мазмұны және MSU-де білім берудің ғылыми зерттеулерге негізделген дамуы мәселелері талқыланады.

      Кездесу қонақтары: Betsann Smith — Ph.D., қауымдастырылған профессор; Samantha Caughlan — Білім беру бағдарламаларының координаторы.

      Күні: 10 сәуір 2025 жыл
      Уақыты: 14:00
      Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, №3 оқу ғимараты, 501 аудитория

      Бөлісу: