Жұмадағы жүздесу



    • Жұмадағы жүздесу

      Құрметті бітіруші курс білім алушылары! Сіздерді «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясындағы «Ұстаздықтан – кәсіпкерлікке: Арманнан мақсатқа» тақырыбындағы кездесуге шақырамыз!

      «Жұмадағы жүздесу» жобасының алғашқы қонағы – «Икигай» жеке меншік мектебінің  негізін қалаушы, педагог-ментор, Алматы жыл мұғалімі Әбдіхалықов Елдар Ерікұлы.

      Білім саласындағы білікті мамандармен-жұмыс берушілермен сұхбаттастыру, түлектерге тұрақты жұмыс орындарын табуға көмектесу, жас мамандарды өз мамандықтары бойынша еңбек нарығына тиімді енгізу – жобаның басты мақсаты.

      Күні: 11 сәуір 2025 жыл
      Уақыты: 15:00
      Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхананың конференц-залы

      Сіздерді күтеміз!

       

      Бөлісу: