«Арнайы педагогика» білім беру бағыты бойынша ХVІI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі
-
08 сәуір, 2025
Құрметті студенттер! Сіздерді 6 мамыр күні өтетін «Арнайы педагогика» бағыты бойынша XVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз!
Мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, арнайы педагогика саласында білімдерін тереңдету және практикалық дағдыларын нығайту. Сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби белсенділігін ынталандыру, үздік студенттерді анықтау және олардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру.
Іс-шараға «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс студенттері қатыса алады.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: I кезең: «Кәсіби дебют: Жоғары жетістікке жетуге нақты қадам» тақырыбы бойынша жоба әзірлеу; II кезең: Студенттердің кәсіби білімін бағалауға арналған тестілеу.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Олимпиаданың кезеңдері, қатысу шарттары және өтінімдерді қабылдау тәртібі туралы толық ақпарат: https://clck.ru/3Kv9ug
Күні: 6 мамыр 2025 жыл
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114, АКТ зал
Бөлісу: