АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ
-
04 сәуір, 2025
Құрметті мектеп және колледж түлектері, ата-аналар!
Сіздерді университетімізде өтетін Ашық есік күніне шақырамыз!
Бұл — университет өмірімен жақын танысып, болашақ мамандығыңызды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Ашық есік күні барысында сіздер университеттің оқу үдерісі, студенттік өмірі мен құрылымымен танысып, мамандық таңдау жолдары, оқуға түсу шарттары мен мүмкіндіктері туралы маңызды әрі құнды ақпарат ала аласыздар. Сонымен қатар шарада ашық сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылады.
Сіздерді жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырамыз!
Күні 26 сәуір 2025 жыл
Уақыты: 09:30-13:00
Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114
Барлық сұрақтар бойынша:
Email: info@qyzpu.edu.kz
+ 7 (727) 237 00 77 qyzpukz, qyzpu_qabyldau
Бөлісу: