Корей тілінде мәнерлеп оқу байқауы



    • Корей тілінде мәнерлеп оқу байқауы

      Құрметті 1-2 курс студенттері! Сіздерді 18 сәуір күні Шет тілдерін оқыту және мәдениетаралық коммуникация әдістемесі кафедрасы ұйымдастыратын корей тілінде мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырамыз!

      Байқау келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер арасында ұйымдастырылады: Шетел филологиясы (шығыс тілдері), Аударма ісі (шығыс тілдері), Шығыстану.

      Байқау корей тілін меңгерген дарынды студенттерге өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың мәнерлеп оқу шеберлігі, тілдік дағдылары және сахналық өнер көрсету қабілеттері бағаланады.

      Студенттеріңіздің байқауға белсенді қатысатынына сенім білдіре отырып, өзара ынтымақтастығымыздың одан әрі жалғасатынына үміттенеміз.

      Байқауға тіркелу үшін қатысу туралы өтінішті (қосымша) 2025 жылдың 28 наурызына дейін Word форматында төменде көрсетілген электронды поштаға жіберу қажет: danakozhakhmet@gmail.com.

      Байқау бағдарламасы: https://docs.google.com/document/d/1nMR7673PLXom6A4dcSxaPiVXQ4uljGhH/edit?usp=drive_link&ouid=104107752325297521822&rtpof=true&sd=true

      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114.
      Байланыс: +7 705 566 35 55 (Қожахмет Дана Асанқызы).

      Бөлісу: