IQ АЛАМАН 2025: AI InnovateTech
-
01 сәуір, 2025
Құрметті QyzPU ұжымы!
Сіздерді Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен 29 сәуірде өтетін «IQ АЛАМАН 2025: AI InnovateTech» республикалық байқауына шақырамыз!
Байқауға Информатика және Ақпараттық технологиялар бағыттарына қарасты білім беру бағдарламаларының студенттері қатыса алады.
Байқау мақсаты: талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу; білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми іс-әрекетке қызығушылығын дамыту.
Байқау тілі: қазақ
Байқауға 3 студенттен тұратын команда қатыса алады
Байқаудың кезеңдері: «IQ Coding» - программалық кодтар бойынша тапсырмалар орындау (Python программалау тілінде); «IQ Network» - желілік технологиялар бойынша тапсырмалар орындау; «AI & Data Science» - жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау бойынша тапсырмалар орындау; «IQ Project» - үй тапсырмасы ретінде жасанды интеллектті пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелердің шешімдерін ұсыну және қорғау.
Байқауға қатысу үшін тіркеу формасын №1 қосымшада көрсетілген үлгі бойынша 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін akparattech2223@gmail.com поштасына жіберу немесе төмендегі сілтеме арқылы Google Forms арқылы тіркелу қажет. Байқауға сырттан келіп қатысушылардың барлық шығыны өз тарапынан төленеді.
Өтетін орны: Гоголя көшесі 114, Бас оқу ғимараты
Ұйымдастыру бойынша қосымша сұрақтар:
Маметжанова Назгүл Хаюмқызы, +7 747 038 57 52Бөлісу: