Жаһандануы мәселелері және цифрлық трансформация
-
19 наурыз, 2025
Құрметті білім алушылар!
Сіздерді Педагогика және психология институтының Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы «Заманауи бастауыш білім беру: Жаһандануы мәселелері және цифрлық трансформация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады!
Заманауи бастауыш білім беру жүйесіндегі жаһандану мәселелері мен цифрлық трансформацияны талқылау, тәжірибе алмасу және білім беру сапасын арттыру жолдарын анықтау – конференцияның басты мақсаты.
Конференцияға қатысуға шақырылады: жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, зерттеуші ғалымдар, колледж және білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, студенттер.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысу форматы: офлайн және онлайн.
Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 9 сәуіріне дейін
Өтетін күні: 25 сәуір 2025 жыл
Уақыты: 09:00
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Акт залыСіздерді күтеміз!
Бөлісу: