Ауыл мектептерін трансформациялау: Қазақстандағы мұғалімдердің кәсіби қауымдастықтығын дамыту
-
26 наурыз, 2025
Құрметті QyzPU ұжымы!
Сіздерді 28 наурыз күні Алматы қаласында өтетін «Ауыл мектептерін трансформациялау: Қазақстандағы мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын дамыту» тақырыбындағы қорытынды конференцияға шақырамыз!
Іс-шара «Ауылдық мектеп шамы» пилоттық жобасы аясында ұйымдастырылып, ауыл мектептерін қолдауға және мұғалімдердің көшбасшылығы арқылы кәсіби қауымдастығын дамытуға бағытталған.
Конференцияға мұғалімдер, мектеп директорлары, білім саласындағы сарапшылар, мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Қатысушылар жобаның негізгі нәтижелерін, ауылдық білім беруді трансформациялау тәжірибелерін және Қазақстандағы мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.
«Ауылдық мектеп шамы» жобасы Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Өңірлік кеңсесінің және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар жобаға HertsCam кәсіби қауымдастығы (Кембридж, Ұлыбритания), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (мұғалімдерді сертификаттау жөніндегі жауапты ұйым) және TeachersLab тәуелсіз платформасы (жобаның фасилитаторларын қолдау жөніндегі жауапты ұйым) қатысуда.
Жыл ішінде жоба аясында Атырау, Алматы және Маңғыстау облыстарының ауыл мектептерінде оқыту семинарлары, мектепаралық іс-шаралар өткізілді, сондай-ақ инновациялық білім беру шешімдері енгізілді. Мұғалімдерге ауылдық білім беру саласындағы нақты мәселелерді шешуге арналған практикалық әдістерді өз бетінше әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік берілді.
Бөлісу: