Business Startup
-
20 наурыз, 2025
Құрметті студенттер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы талантты жастарды «Business Startup» байқауына қатысуға шақырады!
Мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, инновациялық ойлау қабілетін арттыру және өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру арқылы халықаралық деңгейдегі стартап жобаларға жолдама алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Бұл – өз жобаңызды таныстырып, оны дамытудың таптырмас мүмкіндігі.
Қатысушылар өз жобалары бойынша келесілерді тапсырады: Тіркеу формасы, презентация (Pitch deck), және жоба сипаттамасы.
Ең үздік жобаға ақшалай сыйлық беріледі.
Тіркелу кезеңі: 2025 жылдың 17 наурызынан 31 наурызына дейін.
Тіркеу формасы
Қатысушылар үшін Instagram желісіне тіркелу міндетті.Тіркелуге асық! Жаңа идеялар – болашақтың кепілі!
Бөлісу: