Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында



    • Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында

      Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді Физика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық ғылым академиясының академигі Әлімбекова Гүлшахан Бершінбекқызының 75 жылдық мерейтойына орай өтетін «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз!

      Конференция жұмысының бағыттары: I секция: «Білім берудегі жаһандық тенденциялар: тұрақты даму және инклюзия»;

      II секция: «Оқытуды цифрландырудағы әлемдік трендте».

      Конференцияға қатысуға шақырылады: ғалымдар, жоғары оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттер.

      Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

      Конференцияға қатысу үшін өтініш пен мақала мәтінін белгіленген үлгі бойынша жіберуіңіз қажет.

      Толық ақпарат пен талаптар төмендегі сілтемеде: https://docs.google.com/document/d/11emNFshueJu7mM0UBHweeCQOfFLtBUFx/edit?usp=sharing&ouid=109440156916724313345&rtpof=true&sd=true

      Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2025 жылдың 25 наурызына дейін.

      Конференцияның өтетін күні: 2025 жылдың 8 сәуірі
      Басталу уақыты: 10:00 (қатысушыларды тіркеу 09:00 басталады)
      Өткізу орны: Алматы қ., Гоголь көшесі 114, конференц залы.

      Сіздерді белсене қатысуға шақырамыз!

       

      Бөлісу: