Химия, биология, география пәндерінен 9-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадасы
-
06 наурыз, 2025
Құрметті 9-10 сынып оқушылары! Сіздерді Жаратылыстану институты еліміздің білім беру мекемелерінің оқушыларына арналған химия, биология және география пәндері бойынша жыл сайын өткізілетін дәстүрлі Республикалық олимпиадаға шақырады!
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаратылыстану пәндері мен ғылымға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ дарынды оқушыларды қолдау – Республикалық пәндік олимпиаданың басты мақсаты.
Олимпиадаға қатысу үшін 2025 жылдың 20 наурызынан 9 сәуіріне дейін тіркелу қажет.
Олимпиадаға қатысу: Олимпиаданың II кезеңіне мектепішілік іріктеуден өткен тек 1 орын иегерлері (9 - 10 сынып және қазақ-орыс бөлімі үшін бөлек) хаттама көшірмесі негізінде ғана жіберіледі. Олимпиаданың II кезеңінде пән бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, пән бойынша тапсырма орындап, есеп шығарады.
Барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, тұратын орын) жіберуші мекеме тарапынан өтеледі. Олимпиадаға қатысушы тек бір пән бойынша ғана қатысады. Әр қатысушыда жеке басын куәландыратын құжат болуы міндетті.
Жеңімпаздар әр пән бойынша I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. II кезеңге өткен әр қатысушының жетекшісіне Алғыс хат табысталады.
Республикалық пәндік олимпиада бағдарламасы мен ережесі келесі сілтемеде: https://drive.google.com/file/d/1s3gfqIRET1MbF-tFnzLgCWUfBImWleBJ/view?usp=sharing
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Өткізілу мерзімі: 19 сәуір 2025 жыл
Өткізу формасы: офлайн.
Олимпиадаға қатысу парағын толтырып, төмендегі поштаға жіберіңіз:
Химия бағыты бойынша: ziyatkhan.marzhan11@mail.ru
Биология бағыты бойынша: naimanulzat8@gmail.com
География бағыты бойынша: ospanbayevaaidanaamangeldi@gmail.com
Байланыс телефондары:
Химия пәні бойынша: +77053519409 – Зиятхан Маржан Бауыржанқызы
Биология пәні бойынша: +7 747 105 9793 – Найман Ұлзат Сапарбекқызы
География пәні бойынша: +77023265748 – Оспанбаева Айдана Амангельдыкызы
Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114/1, Бас оқу ғимараты, 3-қабат, Жаратылыстану институты.Бөлісу: