«Қарызсыз қоғам» тегін шеберлік сыныбы
-
04 наурыз, 2025
Құрметті Qyzpu білім алушылары мен қызметкерлері! Сіздерді Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Қарызсыз қоғам» тақырыбындағы заңгерлік көмек бойынша тегін шеберлік сыныбына шақырамыз.
Шеберлік сыныбының мақсаты: Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қарыз алудың құқықтық аспектілерін түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету.
Шара барысында қатысушыларға несие алу, қарыз міндеттемелері, борышкердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қарыздық дауларды шешу жолдары туралы маңызды ақпарат беріледі. Бұл шеберлік сыныбы қаржылық қиындықтардың алдын алуға және қарызсыз тұрақты өмір сүруге бағытталған.
Өтетін орны мен уақыты:
06.03.2025ж. сағат 16:40, Бас оқу ғимараты, Л3 дәріс залы
07.03.2025ж. сағат 16:40, Бас оқу ғимараты, Л1 дәріс залыБұл шеберлік сыныбы сіздердің қаржылық сауаттылықтарыңызды арттырып, болашақта қарызсыз өмір сүруге көмектеседі.
Сіздерді айтулы шарада асыға күтеміз!
Бөлісу: