«Педагогикалық идеялар» байқауы



    • «Педагогикалық идеялар» байқауы

      Құрметті QyzPU студенттері! Сіздерді Білім беру теориясы мен практикасы кафедрасы оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу және енгізу бойынша болашақ мұғалімдерді дайындайтын негізгі орталық ретінде, келешегі зор білім беру бастамалары бар таланттарды қолдау мақсатында жыл сайын өтетін «Педагогикалық идеялар» байқауына қатысуға шақырады!

      Байқауға университеттің барлық институттарында Білім беру теориясы мен практикасы кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1-4 курс студенттері қатыса алады.

      Байқаудың  мақсаты – студенттер мен оқытушылар арасында кәсіби қарым-қатынас орнатып, инновациялық педагогикалық идеялармен алмасу алаңын құру, бірегей білім беру бастамалары бар дарынды студенттерді анықтау, озық технологияларды қолдана отырып, жаңа білім беру әдістері мен жобаларын әзірлеуге және енгізуге ықпал ету, сондай-ақ білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке қызығушылықты арттыру.

      Байқаудың өтетін күні: 8 сәуір 2025 жыл
      Уақыты: 10:00
      Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 99, Кітапхана, Коворкинг орталығы
      Өтінім беру мерзімі: 20 наурыз 2025 жыл
      Өтінімдерді жіберуге арналған электрондық пошта: kudaibergeneva.k@qyzpu.edu.kz

      Байқау келесі бағыттар мен номинациялар бойынша өткізіледі:

      21 ғасыр дағдылары: Сыни ойлауды, шығармашылықты, ынтымақтастықты және коммуникацияны дамытудың озық тәжірибелері; Альфа буынына білім беруді бейімдеудің Үздік әдістері мен құралдары; Жұмсақ дағдыларды дамытуға арналған ең Үздік EdTech жобасы.

      2)Әдіснама және әдістер: Оқуға деген қызығушылық пен мотивацияны арттыратын Үздік жоба; Үздік эксперименттік педагогикалық жоба.

      3)Білім берудегі жасанды интеллект:  Оқуды жақсартуға арналған Үздік ЖИ  құралы; ЖИ пайдаланудағы ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Үздік жоба.

      4. Білім берудегі көшбасшылық: Жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға арналған Үздік жоба; Қыздар мен әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін қолдайтын Үздік жоба.

      5. Білім берудегі этика және құндылықтар: Адамгершілік-рухани құндылықтарды тәрбиелеуге арналған Үздік жоба; Академиялық адалдық пен этикалық мінез-құлықты қалыптастырудағы Үздік жоба.

      Толығырақ ақпараттық хатпен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Пед ИДЕЯ 25.docx

       

       

       

       

       

       

       

       

      Бөлісу: