Профессор Алпысбай Мырсыдықұлы Көпбаевтың 65 жылдық мерейтойына арналған байқау



    • Профессор Алпысбай Мырсыдықұлы Көпбаевтың 65 жылдық мерейтойына арналған байқау

      Құрметті QyzPU студенттері! Сіздерді Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін, ҚР мәдениет және өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор Алпысбай Мырсыдықұлы Көпбаевтың 65 жылдық мерейтойына арналған «Эстрадалық ән салу өнері: Stage Time» республикалық студенттер байқауына қатысуға шақырамыз!

      Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету, ұлттық өнерді насихаттау және студенттердің бойына мәдени-эстетикалық құндылықтарды сіңіру.

      Қатысу шарттары: Байқауға еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатыса алады; Қатысушылар эстрадалық жанрдағы әндерді жанды дауыста немесе минусовкамен орындайды;

      Өтінімдер 2025 жылдың 11 наурызына дейін көрсетілген сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/5vGKAqLXnhhwXdRM9

      Байқау бағдарламасы: https://clck.ru/3Gi4zQ

      Бас жүлде: 200 000 теңге

      Өтетін күні: 11 сәуір 2025 жыл

      Уақыты: 09:00

      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Акт зал.

      Байланыс үшін: Электронды пошта: zhalgasbayeba.k@qyzpu.edu.kz
      Байланыс телефоны: +7 701 804 90 99 (Жалғасбаева Қанағат)

       

      Бөлісу: