Креативті индустриядағы AI



    • Креативті индустриядағы AI

      Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы «Креативті индустриядағы AI» тақырыбындағы жасанды интеллект бойынша тегін интерактивті шеберлік сыныбына шақырады.

      Мақсаты – жасанды интеллекттің креативті индустриядағы рөлін жан-жақты түсіндіру. Сондай-ақ, AI құралдарын тәжірибеде пайдалану дағдыларын дамытуға көмектесіп, білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілетін кеңейтіп, болашақ кәсіби мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету.

      Бұл шеберлік сыныбы қатысушыларға жасанды интеллекттің креативті индустриядағы маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады. AI құралдарын меңгеру арқылы, болашақ кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтіп, жаңа идеяларды жүзеге асыруда маңызды дағдыларды меңгеруге болады.

      Күні: 28.02.2025ж
      Уақыты: 15:00 – 16:00
      Өтетін орны: Гоголь 114, № 1 оқу ғимараты, Акт зал.

      Жаңа мүмкіндіктер мен дағдыларға қадам басуға шақырамыз!

       

      Бөлісу: