Цифрлық өнер – көркемдік білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытудың жаңа бағыты
-
21 ақпан, 2025
Құрметті әріптестер және ғылыми қауымдастық өкілдері! Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Кәсіптік білім» кафедрасы сіздерді «Цифрлық өнер – көркемдік білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамытудың жаңа бағыты» атты халықаралық ғылыми семинарға шақырады.
Семинарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар қатыса алады. Тәжірибемен алмасу және қазіргі заманғы көркемөнерде цифрлық технологияларды қолданудың проблемалары мен перспективаларын талқылау - семинардың басты мақсаты.
Іс-шарада көркемдік білім берудегі цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, театр, хореография, музыка және бейнелеу өнеріндегі цифрлық құралдарды қолдану, ғылым мен білім беру кеңістігіндегі цифрлық мүмкіндіктер, цифрлық көркемөнер педагогикасы және шығармашылық процеске қатысушылардың цифрлық мәдениеті қарастырылады.
Семинарға қатысу үшін баяндаманың мәтінін және өтінімді (қатысушы өтінімінің үлгісі мен материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар қосымшада көрсетілген) 2025 жылдың 25 ақпанына дейін nurziya-r@mail.ru электрондық пошта арқылы жіберу қажет.
Толық ақпарат алу үшін: https://drive.google.com/file/d/1zep__Gwrz7HINhqT4XZwIz18TJs1btFB/view?usp=sharing
Күні: 28 ақпан 2025 жыл
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Алматы қ., Айтеке би 99, Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхананың конференция залы.
Формат: Гибридті (Офлайн/Онлайн).
Zoom арқылы қосылу: https://zoom.us/j/92781088680?pwd=5DAJwxBFkjp5oVbNQ2HDub1ZxGtHPE.1
Семинар идентификаторы: 927 8108 8680
Кіру коды: 123456Семинар координаторы: Рахметова Нурзия Байтукешевна п.ғ.к., «Кәсіптік білім» кафедрасының профессор м.а.;
E-mail: nurziya-r@mail.ru
Телефон: +7 778 897 31 62Бөлісу: