XII Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы



    • XII Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы

      Құрметті әріптестер! 2025 жылғы 21-23 мамыр аралығында Нийде Омер Халисдемир университетінде (Нийде қаласы, Түркия) өтетін XII Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумына қатысуға шақырамыз!

      Симпозиумның басты тақырыбы: «Түркі мемлекеттері арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық».

      Негізгі бағыттар: Түркі тілдері, әдебиеті және тарихы; Мәдениет, өнер және медиа; Білім беру және академиялық ұтқырлық; Аймақтық мәселелер және халықаралық қатынастар; Экономика, бизнес және басқару; Түркі әлеміндегі гендерлік мәселелер және басқа тақырыптар.

      Симпозиум түркі тілдерінде (қазақ, түрік және т.б.) өтеді.

      Мақала мәтінін жіберудің соңғы мерзімі: 16 наурыз 2025 ж.
       Қабылданған мақалалар туралы хабарландыру: 7 сəуір 2025 ж

      Тіркелу және толық ақпарат

      Тіркелу сілтемесі: https://www.utudas.org/Mts.Aspx

      Байланыс: Нұртаза Айдана Нұралықызы Симпозиум ұйымдастыру комитетінің мүшесі nurtaza.a@qyzpu.edu.kz

      Симпозиумға қатысу арқылы зерттеуіңізді халықаралық деңгейде ұсынуға және түркі әлемінің үздік ғалымдарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік аласыз!

      Бөлісу: