Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы



    • Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы

      Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді 21 ақпан күні Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өтетін «Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты ғылыми семинарға қатысуға шақырамыз.

      Ғылыми семинардың мақсаты – Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын, саяси тұрақтылықтың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қажеттілігін жас ұрпаққа түсіндіру.

      Ғылыми семинарда: Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты, қоғамдық институт ретінде қалыптасуы мен функционалдық қызметі туралы айтылады; Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің мәні, мазмұны және маңыздылығы талқыланады; Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы ой-пікірлер ортаға салынады.

      Күні: 21 ақпан 2025 жыл
      Уақыты: 14:30
      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, конференц зал, 215

      Барлықтарыңызды осы маңызды шараға қатысып, өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамыз!

       

      Бөлісу: