ӨНЕР FEST Құрметті QyzPU ұжымы!



    • ӨНЕР FEST Құрметті QyzPU ұжымы!

      Сіздерді 27-28 ақпан күндері Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты Хореография және арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін университетішілік оқытушылар мен студенттерге арналған «ӨНЕР FEST» шығармашылық фестиваліне шақырамыз!

      Мақсаты: Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және ашу; Сөйлеу техникасын, сөйлеу мәдениетін дамыту; Көркемдік батылдыққа, сахнадағы еркіндікке үйрету; Импровизациялық қабілеттерін шыңдау; Ән айтуға деген қызығушылығын ояту, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету; Сахнада еркін тыныстау және дауысты басқаруды меңгеру.

      ӨНЕР FEST аясында педагогтер мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтар өткізіледі.

      Шеберлік сыныптары үш бағыт бойынша өтеді: Вокалдық ән айту өнері; Сахналық пластика; Актер шеберлігі.

      Күтілетін нәтиже: Шеберлік сыныптары студенттер мен педагогтардың шығармашылық қабілеттерін оятып, сабақ беру үдерісін педагогикалық бағытта ғана емес, шығармашылық тұрғыда ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тыңдаушы немесе көрерменмен байланысты орната отырып, олардың қызығушылығын арттырып, сөйлеу мәдениетін сақтауға, ойды анық әрі дәл жеткізуге және кез-келген жағдайдан шығу үшін импровизациялық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

      Екі күндік шеберлік сыныбының кестесі туралы ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз:

      Бөлісу: