Өз тілімнің бейнесі Шығармашылық кеш



    • Өз тілімнің бейнесі  Шығармашылық кеш

      Құрметті студенттер мен оқытушылар! Сіздерді «Тұрақты даму» және «Ақ қауырсын» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық Ана тілі күніне арналған «Өз тілімнің бейнесі» атты шығармашылық кешке шақырамыз!

      Шығармашылық кештің мақсаты – университетімізде білім алып жатқан өзге ұлт өкілдерінен құралған студенттердің басын қосып, олардың туған тіліне деген құрметін арттыру, ана тілінің сұлулығы мен терең мағынасын шығармашылық тұрғыда бейнелеу.

      Кеш барысында қатысушылар өз тілдерінің көркем бейнесін әртүрлі өнер түрлері арқылы (сурет, каллиграфия, графика, т.б.) жеткізіп, шығармашылық жұмыстарын ұсынады.

      Бұл іс-шара ана тілінің құндылығын дәріптеу арқылы мәдениетаралық диалогты нығайтуға, әр ұлттың ерекшелігін тануға және шығармашылық әлеуетті дамытуға бағытталған.

      Күні: 21 ақпан 2025 жыл

      Уақыты: 16:00

      Мекенжайы: Алматы қаласы, Гоголь 114,  конференц зал, 215

      Сіздерді әркім өз ана тілінің бейнесін өнер арқылы жеткізе алатын кешке қатысуға шақырамыз!

       

      Бөлісу: