Индиана университетінің профессоры Хабибулла Акрамның дәрістері
-
13 ақпан, 2025
19–28 ақпан аралығында Физика, математика және цифрлық технологиялар институтында «Кітапхана ісі» және «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін дәрістер өтеді.
Дәрістерді Индиана университетінің (АҚШ) Таяу Шығыс, Орталық Еуразия және Ислам зерттеулері бойынша PhD докторы Хабибулла Акрам жүргізеді.
Профессор дәріс барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми бағыттар бойынша пайдалы кеңестер береді.
Дәрістің өтетін күні, уақыты, орны және сабақ кестесі туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыз:
Бөлісу: