14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні



    • 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

      Құрметті QyzPU ұжымы! 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, Сералы Қаниев атындағы кітапхана ұжымы мен Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының 1 курс студенттері «Кітап оқып, кітап сыйла» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырады.

      Мақсаты: Оқырмандарды жақсы кітап оқуға ынталандыру, бір-біріне кітап сыйлауға шабыттандыру және қағаз кітап әрқашан құнды сыйлық болып қала беретінін ұғындыру, өзара сыйластықты қалыптастыру.

      Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні барлық адам бір-біріне кітап сыйлағаны абзал.

      Іс-шарада отандық баспа басылымдары кітап жәрмеңкесін ұсынады.

      Атап айтқанда: «Алқа» баспасы, «Арман ПВ», ⁠ ⁠«Steppe&world», ⁠«Қасым» баспа үйі, «⁠Kitapal», «Alash Book», «Marfu Press», «Amal Вook», «Mazmundama» қоғамдық қоры, «Kemel Kitap» баспалары қатысады.

      Барша кітапсүйер қауымды, соның ішінде оқырмандар мен студенттерді  аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!

      Күні: 14 ақпан 2025 жыл

      Уақыты: 10.00-15.00

      Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана, 1 қабат

      Бөлісу: