"Қаржылық сауаттылық негіздері" тақырыбында өткізетін қонақ дәріске қатысуға шақырамыз
-
05 желтоқсан, 2024
Құрметті студенттер! Сіздерді "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі Керімбек Ғалымжан Есқараұлы "Қаржылық сауаттылық негіздері" тақырыбында өткізетін қонақ дәріске қатысуға шақырамыз.
Профессор Ғалымжан Керімбек – Қазақстанда қаржы және салық салу саласындағы, практикалық жұмыс тәжірибесі бар, белгілі ғалым, көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының авторы, "Қарызсыз қоғам" жобасының бизнес-тренері.
Өз презентациясында Ғалымжан Есқараұлы жеке қаржыны басқару мәселелерін қарастырады, атап айтқанда қаржы капиталының түрлерімен, жеке қаржыны есепке алу және жоспарлаумен, инвестициялар мен тәуекелдер мәселелерімен таныстырады. Қонақ дәріс қаржылық алаяқтықтың жоғары тәуекелі жағдайында сауатты ұтымды қаржылық мінез-құлыққа үйретуге бағытталған.
Күні: 2024 жылғы 05 желтоқсан
Уақыты: 16:00-17:30
Өтетін орны: Әйтеке би 99, № 1 дәріс залы
Бөлісу: