Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатысуға шақырамыз
-
02 желтоқсан, 2024
Құрметті QyzPU ұжымы! Сіздерді 2024 жылдың 19 желтоқсанында өтетін «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар: теория және тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз!
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы негізінде «Өзіндік рефлексия отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Конференцияның негізгі мақсаты: отбасылық зорлық-зомбылықтың себептері түсінуге бағытталған өзекті теориялық және практикалық мәселелерді талқылауда диалогты алаң құру, ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, тәжірибелермен бөлісу.
Конференция бағыттары: Зорлық зомбылық жағдайындағы отбасыларды психологиялық қолдау: заманауи әдістер мен құралдар; Отбасында және білім беру мекемелерінде қауіпсіз ортаны қалыптастырудағы әлеуметтік-психологиялық тәсілдер; Әлеуметтік шиеленіс контекстінде мәдени дәстүрлер мен отбасылық нормалар.
Конференция қатысушылары: зерттеуші ғалымдар; жоғары оқу Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, колледж, білім беру мекемелерінің басшылары, мамандары; психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтарының қызметкерлері; докторанттар, магистранттар, студенттер мен жас ғалымдар.
Күні:19 желтоқсан, 2024 жыл
Уақыты: 09:00-18:00
Өтетін орыны: Гоголь көшесі, 114. Акт залы
Толығырақ ақпараттық хатпен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: ақпараттық хат
Бөлісу: