Өнер арқылы тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту



    • Өнер арқылы тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту

      Сіздерді Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің 80 жылдығына орай өтетін «Өнер арқылы тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту» халықаралық шығармашылық симпозиумына (пленэр) қатысуға отандық, алыс және жақын шетелдердің ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларын шақырамыз.

      Іс шара аясында шетелдік қонақтардың қатысуымен Алатау бөктеріне пленэрлік жұмыс және оқу шеберханаларында шеберлік сыныптар өтеді.

      Симпозиумға Корея, Венгрия, Словакия, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Қазақстан елдерінен арнайы шақырылған талантты қылқалам шеберлері қатысады.

      Мақсаты: тұрақты даму мақсаттарымен халықаралық ынтымақтастық кәсіби өнер аймағын құру және нығайту, дарынды білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету;

      Міндеттері:

      • танымал суретшілердің шығармашылық жетістіктерімен тәжірибе алмасу және өнер арқылы тұрақты даму мақсаттарына үлес қосу;
      • отандық және шетелдік суретшілер мен білім алушылар арасында шығармашылық серіктестік қарым-қатынастарды жақсартуға жағдай жасау..

      Өтетін күні: 2024 жыл 5 -7 маусым

      Өтетін мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті., Гоголь көшесі 144, Акт залы.

      Симпозиум туралы ЕРЕЖЕ

      Жауапты тұлғалармен байланыстар:

      • Қырықбаева Сара Мукашевна, +7 707 820 2466
      • Тұрғымбай Марат Еңсебекұлы, +7 701 766 4841

      Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті Кәсіптік білім кафедрасы

      Бөлісу: