Бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!



    • Бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!

      17 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «JOB FAIR 2024» Бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.

      Шараның мақсаты: Университет түлектерін жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

      Жәрмеңкеге 100-ге жуық білім беру ұйымдары, Алматы қаласының Мансап орталығы өкілдері және еліміздегі алдыңғы қатарлы заманауи инновациялық жеке меншік мектептердің өкілдері келіп, заманауи мектеп үлгісімен таныстырады. Студенттер жұмыс берушілерге түйіндемесін ұсына алады. HR мамандарының жеке кеңестерін алып, магистратураға  түсу туралы ақпаратты біле алады.

      Басталуы: 09:00
      Өту орны: Гоголь көшесі, 114/1, Бас оқу ғимараты.

      Сіздерді күтеміз!

      Бөлісу: